Әрқилы; ішінде бәрі бар; аралас-құралас. * Әжеке-ай, көп емеспін, жалғыз едім, Болсам да жақсы-жаман хан қызы едім. Қойғандай көзің көріп сөз айтасың, Артымнан мені қашан аңдып едің? Шәк. * Той бітті, қыз ұзатар болды заман, Тарқады тойға келген жақсы-жаман. Шәк. * Бір өзің халқыңның бір ғасырындай. Қолдағы жақсы-жаман асылындай, Той деген біреуге ермек, біреуге сын. Барымды алып келдім жасырынбай. Т.Әл.
