Posted in

ЖАҚСЫ-ЖАМАНДЫ (ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАНДЫ) АЙЫРДЫ

Ер жетіп, ақыл тоқтатты, алды-артын танитын жасқа келді, оң мен солын таныды, жақсыны жаманнан ажырата білді. ~
Екiншi айтарым, балалар алды-артын болжап, жақсы-жаманды айырсын. Жастар өздерi табысып, базарлы ақтарының
думанын қызықтасын. К.Сег. ~ Бәли, Жібек шынымен жынданған шығар. Үйлі-баранды, ақыл тоқтатқан, жақсы-жаманды айыра білетін кертақта ұрғашының бұл желігуі – қай желігу?! Масқара! Қ.Жиен. ~ Сыртынан қарасаң тәп-тәуір жігіт. Оқыған десең оқыған. Жақсы-жаманды да айыра білетін сияқты, ал айтып келе жатқан сөзінің сиқы мынау. С.Мұр. ~ Көмелімнің де, Халелімнің де өз аузы өзіне жетті. Тым құрымаса солар дардай азамат болып, жақсы-жаманды айырған шағында қымсынып, бетің бір бүлк етпейді. С.Жүн. ~ Өзі творчестволық дағдарыста жүргенімен әлі де жақсы мен жаманды айыра алатын күйде еді бұл. І.Ес. ~ Тәубе дейік, біраз өмірді көрдік, ретіне қарай ел мен жұрттың құрметі мен сыйына да бөлендік, жақсы мен жаманды айыратындай да тәжірибе жинақтадық. Ә.Асқ.