Posted in

ЖАҚСЫ-ЖАМАНДЫ КӨРГЕН (БАСЫНАН КЕШКЕН)

Көпті көрген, өмірдің ыстық-суығын молынан тартқан (адам). * Жөн-ақ. Адам-ау, мен кезінде жақсы-жаманды көрген, диктор бола жаздап бола алмай қалған, анау-мынау емес Мәскеуді аралаған, «аспанға әуелетіп ән салған», бір сөзбен айтқанда, аузы «аққа» ерте тиген «марқасқаның» нағыз өзі емеспін бе?! Қ.Жиен. * Бірінші іздегенім комендант Карпенко болды, О, бұл деген тамаша адам. Студенттердің мынау деген досы. Майдангер ескі солдат. Мінез-құлқы кең пішілген, жақсы-жаман өмірді молынан көрген. Б.Соқп. * Ілгергі туған ағалар, Жақсы-жаман көп көрген
Бәрің де білгір даналар, Мен мінемін Қара атты. Ү.Жәл. ~ Балалары әлі ержете қоймаған Молдажан өмірден таршылықты көп тартқан, жақсы -жаманды бір кісідей басынан кешкен жан еді. Ж.Ахм.