Posted in

ЖАҚСЫ АТАНДЫ

Игі істерімен көзге түсті, ел құрметіне ілікті. ~ Ата-бабамыз орыс оқуын оқымай-ақ адам болып, жақсы атанып, абырой алып, ел билеп-төстеп еді. М.Әу. ~ Е – е, менің айтқанымды тек қана жыртыққа жамау басқандай болу деп отыр ме еңдер?! Сырт ағайынға жақсы атансақ намысымызды бірге жыртысады деп, мына тұрған соны ғана ойлайды дейді екенсіздер ғой. Ж.Ахм. ~ Сен де бір атадан жалғыз ең, – деді Асқар даусы қарлығып. – Ауызға ілігіп, жақсы атанып жүргеніңді көңіліме медет қылып, ағайынның емес, қалың жұрттың азаматы болар деп қуанушы едім. Т.Әбд.