Оңды сыңай, игіліктің, жақсылықтың белгісі. ~ Ештеңе етпейді, Сейтқұл құрдас, жақсы нышан бұл. Жер тойса — ел тояр, — деді Әбдібек балдағын сүйеніп жауынға сүйсіне көз тастап. Ш.Мұр. ~ Иә, тамаша екен, топ–толық, қысқы апорт–ау шамасы,– деп Исабеков қызының қуанышына қосылып, өзіне–өзі күбірлеп сөйлеп кетті.– Мынауың бір жақсы нышан екен. Анаржан. Ш.Айт. ~ Қорыта келе айтарым – жас әдебиетшілерден ортақ құлшыныс, әдебиет сияқты көркем әлемге деген шын ықылас танытып отырмын. Бұл жақсы нышан. Т.Әс.
