Posted in

ЖАЛ-ҚҰЙРЫҒЫ СҰЙЫЛДЫ (ЖИДІДІ)

Сәнінен айрылды. ~ Ақан үнсіз қарап отырып, ыңылдап ән айтты: “Қаратай қолға түсіп арандадың, Сұйылып жал-құйрығың тарамданды. Халқыңды қабырғалап қашсаң-дағы, Айырып бір мұсылман ала алмады”. – дегенде, ақын көзіне мөлтілдеп жас кеп қалды. С.Жүн. ~ Әуелі мұртына қылау түсті, соңынан сақалы ағарды. Тіпті Сарыала аттың өзі де еңсесі түсіп, жал-құйрығы жидіп, сымбатынан айырылды. Ш.Айт. ~ Қызыл тіл таңдайымда тақылдауда, Сұм жалған жүрегімді зақымдауда. Басымнан түйдек-түйдек бұлт көшкенде, Жаныма домбырадан жақын бар ма? Қайырмасы: Дүние былтыр қандай, биыл қандай, Заманның жал-құйрығы сұйылғандай. Н.Айт. ~ Темір өзек пенде жоқ, Өлмес адам елде жоқ, «Орынсыз деп өлімі», Ондай ойлау менде жоқ. Көп жайланған жабының Жал-құйрығы сұйылар… Сол сыяқты Жамбылдың, Жұқарыңқы түрі бар. Көңілі бос — кәрінің, Көкейлерің ұғынар, Көтермей жан жалынын, Көзден жасы құйылар. Ж.Жаб.