Сән-сымбаты келіскен, күтімді, әдемі. ~ Көрген сәттен сол адам Құландарды ұнатты-ай. Жал-құйрығы төгілген, Аса сұлу көрінген Жүйріктері жарап тұр, Қолтығынан сөгілген. А.Ас. * Басын қайта-қайта көтеріп, әлде неден сезіктенгендей әлсін-әлсін жер тарпып, ойқастай берген жал-құйрығы төгілген биік ала айғыр бір кезде қарсы тұра қалып кісінеп жіберді. С.Жүн. ~ Тоқтат аналарыңды! — деп қалшылдай ақырып, кере көтерген қамшымен Керімбектің атын бастан салып кетті. Жал-құйрығы төгілген, үлкен ақсары ат дәл маңдай тұс — шекеліктен оқыс тиген қамшыдан ытырылып, ортқып бара жатты. Ж.Ахм. * Есенгелді мен Саржан қазақ елінің дәстүрі бойынша Ташкент құшбегіне ер-тоқымы, жүген-құйысқаны күміс, жал-құйрығы төгілген, Арқадан келген тоғыз қара жорға, тоғыз боз жорға, әр ер басына байланған тоғыз қара құндыз, тоғыз қоңыр бұлғын әкелген. І.Ес. ~ Бұл қазақта қандай батыр болмады дейсің, балам. Қара қыпшақ Қобыланды тым зор тұлғалы екен. Жал-құйрығы төгілген Тайбуырылын мінгенде белі қайқайып кететін болған деуші еді ертекші шалдар. С.Әб.
