А) Бұтында лыпасы да жоқ. * Молданың үйінің үлкен бақырын әкеп, алқымына көсеу тіреп, қоңырсытып бауырсақ пісіріп отырғанда, талталаңдап, қалталаңдап, көзін ашып, жұмып, манаурап, жалаң бұт Медеужаны да келді. Ж.Айм. * Кіндігі шодырайған, жалаң бұт кішкентай сары баланың екі көзі қазанда. Шешесінің кір-кір етегіне жармасып, тағат таппай шыр-шыр етеді. Т.Берд.
Ә) Үстіне ілер киімі де жоқ кедей. * Кет, кетсең, жолың әне! Қара мұның шапылдасуын, жалаң бұт студент! Ш.Айт. * Жел жағынан шығып, бірдеңеден жазып қалсаң, қалашыңды базарына кіргізбей, қатын-балаңды жалаң бұт қалдырады. Ә.Кек.
