а) Қаруын қынынан суырып, ұрысқа дайын тұрған айбаттыжауынгер д.м. ~ Мырзағаң сөзін Қари іліп ала жөнелді. — Мен – қара бүркітпін, осы жақта орман – таудың қызыл түлкісі жүр. Іліп түсуге шүйіліп келем. Мына отырған Тәшен – қынынан суырылған жалаң қылыш, кесіп түседі. Ана отырған Нұрқан – бесатар, нысанаға іліккенді жібермейді. С.Шай.
ә) Қолында қылыштан басқа қаруы жоқ д.м. ~ Зеңбірек сүйреткен, винтовка кезенген атты орыс-казак әскері жан-жағынан қоршап алып оқ астына алғанда, бірлі-жарым білте мылтық, жалаң қылыш, сойыл-шоқпарды қару еткен қара табан қазақ солдаттарға төтеп бере алған жоқ. Б.Тоғ. ~ Алпамыстың өз қылғанын өзіне көрсеткісі келгендей, жарқылдатып жалаң қылыш ұстапты. — Жекпе-жек, жекпе-жек!—деп, еліре айқайлайды. А.Сей. ~ Екі айдан бері арттарынан келуге тиіс қуғынның қарасы көрінбей, «қазақ қорықты» десіп, құдай, тобаларын ұмытқан сеңсең бөрік, сіреңке қара түрікмендер азанғы айғай–сүреңнен төбелеріне оқыс жай түскендей сасқалақтап, киінуге мұршалары жоқ, қолдарында жалаң қылыш, дамбалдарының ауы мен бауы салақтап, киіз үйден атып–атып шыққан. Н.Дәу.
б) Шаша ал десе бас ал дейтін қанқұйлы баскесер. ~ Бір кезде дүниені тітіреткен, аты шулы Ойраттар әулеті бұл күнде баяғы өз елін қанға бояп, жермен– жексен еткен ата жауына малай болып, Маншың өкіметінің ештеңеден тайынбайтын жалаң қылышына айналып отыр. Қ.Жұм. ~ Бір күні бригадир көріп қалып, Қиқулап қамшы үйірді төбемізге. Барлыхан бригадир – жалаң қылыш, Бір бүлік, жүрген жері әманда ұрыс. С.Тұр. ~ Ақшығанақтың ақ бекетіне Жетсе болғаны жан алғыш хабар. Жалдаулы патша «мал зекетіне» Жететін еді жалаң қылыштар. К.Мырз.
