а) Жалаңаш, лыпасыз. ~ Өмірінде бірінші рет иықтарында көрпе, екі жалаң сирақ, екі жалаң аяқ жазушы бірінші кездесіп отырған үйдің төріне барып отырды. Ғ.Мүс. ~ Мұның бәрін ащы сынға алып, сөзбен сөгу оңай-ақ. Аға буын өзіне де қарасын. Көргені кем бүгінгі жас ананы кеше тәрбиелеген кім? Жаулықсыз, жалаң сирақ әжелер. Шалағай, шалабайларды тәрбиелеген кім? Аузы арақтан құрғамайтын, бисмиллаға тілі келмейтін, ұлттық әдеп пен әдетті ұқпаған бүгінгі атамын дейтіндер. Б.Сағ.
ә) Ер жетпеген жас бала. ~ Ол бұл сәтте өлім аузындағы әкесін де, жалаң сирақ інілерін де, дүниенің бәрін де ұмытқан еді. М.Жұмағ.
