Posted in

ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

Әлдебір адамның не идеяның мүддесіне қызмет қылды. ~ Пенде дегеніміз – жалғыз-ақ адамның, мысалы, Еріктің жалауын көтеріп, көнтері ғұмыр кешсе айып па? Қайда-а-аан білейін… О.Бөк. ~ Әр жерден құптаған, мақұлдаған дауыстар естілді: — Пайғамбардың жасыл жалауын көтеріп, мұсылман халқын ғазауатқа шақыру керек! Б.Тоғ. ~ Бұл рушылдық пен жершілдік қазіргі заманға үйлеспейтін одағай нәрселер. Адамзат электрон дәуірінде отырған бүгінгі таңда ескі идеяның жалауын көтерсек бізді ешкім кешпейді. Ж.Шәк.