Кеңінен жайылған иен дала. ~ Қазақтың ұшы – қиыры жоқ жалпақ даласын кезесің де жүресің. Кім оған шыдасын?! І.Ес. ~ Түйемен төрт айлық жол көлденеңі… Өсірсе бай табиғат жерде нені, Осынау жалпақ дала өн бойынан, Кемде-кем ұшырайды енбегені. С.Мұқ. ~ Сол Россия патшалығының құлауымен байланысты біздің де алдымызда қадірлі міндет туды: жалпақ далада бытырап жатқан қалың қазақты ағa-інідей бауырмал бір ұлтқа айналдыру керек… І.Ес. ~ Қазына деген, қару деген осы жалпақ далада аз емес, соны алатын жан болса, сол жанның біреуі, бірегейі Сағат болса, тағы да нендей қайрат көрсетпек? Ғ.Сл.
