Posted in

ЖАЛПАҚ ДҮНИЕ

Кең-байтақ әлем, шексіз дүние. ~ Бір күні көшеден келсе – үстелінің үстінде жуан хат жатыр. Ашып жіберіп, өз көзіне өзі сенбейді. Жалпақ дүниеге ақыл айтып, жол көрсеткен Лев Толстой ақсақалдан. Французша, сықасқан отыз сегіз парақ. Д.Дос. ~ Ол келгелі бозбаланың мынау жалпақ дүниеге деген көзқарасы мүлдем өзгеріп, өмірге қайтып келгендей тіршілік атаулының бәр-бәріне бейкүнә, шексіз іңкәрлікпен сүйсіне қараған. О.Бөк. ~ Сол тұтасқан жалпақ дүние бұлдырап барып қысқы сұрғылт аспанмен астасқан жерге дейін аппақ боп күнге шағылысып, көзді қарықтырады. С.Мұр. ~ Ол армандап қана қойған жоқ, теп-тегіс, дөп-дөңгелек, жап-жалпақ дүниені көз алдына елестетті, анық көрді, үстін тұп-тұтас борпылдақ ақ топырақ басып жатыр, дәл ортасында — Мектеп, бұлардың үйі, Мұғалімнің үйі. Ә.Тар.