Бүкіл дүние, жарық әлем. ~ Дәл осы бетінде мына бір шөкім топырақтай аз ғана топты “үп” деп үрлеп ұшырып жіберіп, ерегіссе, жалпақ жалғанды бір ғана түйіп қап, жапырып жіберетіндей әсер туғызған еді. С.См. ~ Төрт құрсаулы күбіге арқасын таяп аңыраған ана, дәнеңе түсінбей, әр жүзге бір жалтақтап, үпір-шүпір еткен үш сәби… қайсысы кешірім жасайды? Жалпы, кешіре алар жан бар ма мына жалпақ жалғанда?! Ж.Нәж. ~ Ал мен Сәуле үшін неге күйіп– піспеймін. Күйіп– піснегенімді кім көріпті? Жанымның тағы бір шыжғырылғанын жалпақ жалғанға жайғанда не табам? С.См. ~ Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы-Баян, Ләйлі-Мәжнүн, Жібек-Төлеген, Естай-Қорлан, Еңлік-Кебек, Фархад-Шырын, Жүсіп-Зылиқа. Осылардың барлығы шынайы махаббаттың символы іспетті. БАҚ.
