Posted in

ЖАЛПАҚ ЖЕР

Бүкіл әлем, жарық дүние д.м. ~ Құдды бұлар мынау жалпақ жердің бетін қатар басып жүрген өздеріндей екі аяқты жұмыр басты пенделер еместей. Ә.Кек. ~ Өмірдің сүйресін деп ерге көшін, Жалпақ жер беріп еді мол денесін. Өзендер беріп еді толқындарын Дегендей ұзақ жолда шөлдемесін. С.Мәу. ~ Десе де бәрі осы жалпақ жер бетінде жұмыр жүрегі соғудан қалғанша, тіршілік тегершігін айналдыра береді, айналдыра береді. Сондағы тірліктің соңғы нысанасы не? Н.Абдыр.