Құлап түсті,, ұшып кетті. ~ Қайың тасасында, қалың бұта арасында тұрған бала мерген Мұқамедқанапия шиті мылтықтың шүріппесін басып қалғанда жез киік жалпасынан түсті. Б.Тоғ. ~ Тістерін ақситып анталағандардан сытылып кеткісі келген лақ олай да, былай да жанталаса ұмтылады. Бірақ аналар оған мұрша берер емес, жақындағандары кеудесімен қағып, жалпасынан түсіреді де желкесінен, сауырынан қарпыған сыңай танытады. О.Байб.
