Негізінен, задында, әсілі, жалпылай айтқанда. ~ Жалпы алғанда, шығармашылық адамдарында өзгеше бір ерекшелік бар: олар да өзге пенде сияқты кәдімгідей өмір сүреді, ал қиялдарында олар бейне екінші, басқа бір әлемнің адамдары сияқты күн кешеді. С.Жүн. ~ Жалпы алғанда, — деп бастады Ғазиз әңгімені, — кісінің екі қасиеті болса — әрі жеңіл, әрі салмақты дегендей, қай кезде жеңіл, қай кезде салмақты болуын білсе, сол кісі ақылды. Б.Бұлқ.
