Posted in

ЖАЛТ ЕТТІ

Жарқылдай көрінді. ~ Сонда жарқ етіп, шапшаң ғана ұшқыр шолақ, қып-қызыл от қана жалт еткенде, тарс етіп мылтық атылып, үндер өшкен… сөнген-ді… Сол күймен бірге менің әкем де өлген!.. М.Әу. ~ Тас қараңғы түнде, жол бойында кезіккен арланның жанарынан жасыл жасын жалт етті. Ә.Тар.
Оқыс көз тастады. ~ Жалт еткен көз қарасынан жарқ еткен бір ашу Саттардың өн бойына салқын шымыр таратты. С.Ел. ~ Мамам мен жаққа жалт етіп қарады да, багажниктің аузын жалғыз-ақ жұлып көтеріп, мүлдем керіп тастады. М.Қаб. ~ Бұрын… бұрындары сіз менің ой-бойымнан… жалт еткен қарасымнан, тіпті мөлт еткен көз жасымнан әуез аңдитынсыз… табатынсыз. Сол саздарыңыз жан сарайымды жаңғыртатын!.. С.См.