Жалтақ, тайсақ адам, әркімнің аузына бір қарап отыратын жасық жан. ~ Жат елде жадап жүргенше, Жалтаң көз боп тірі боп, Кім ермейді соңымнан Көрнекке шықсам ірі боп? Д.Баб. ~ Түрлі әңгіменің ішінде саясат туралы, «Алашорда» туралы әңгіме қозғаймын. Әбдірахман «Алашордаға» әбден сенген. Ептеп «Алашорданың» міндерін айтып, сөз қозғап қоямын. Әбдірахман болмайды… Әбдірахмандікіне Әбіл деген жалтаң көз, қыр мұрын қара жігіт келді. Семейден «Алашорданың» әскерінен келген екен. С.Сей. ~ Әбділдә. Ой, шіркін, сен де тоқал-тоқал деп, жалтаң көз болам десеңші. Бірақ мұның мына балаларыма зиян ғой, мейлің. М.Әу. ~ Қарағымның мойнына қарыз ғып, өзі жинаған азын-аулағын өзінің сауабынан аяйын деп отырғаным жоқ. Жалғыз-ақ дүниесі құрғырдың тарлығы жалтаң көз қылып өлтіріп барады. М.Әу.
