Posted in

ЖАЛЫ БИІК

Абырой-атағы зор, беделі үлкен адам туралы. ~ Нұрым: – Аяқ алысыңды көрейін, домбыраңды шалып қара, – дейді. – Жасы үлкен, жалы биік ағасыз, сіз бастаңыз, батаңызды алайын, –дейді Қашаған. Н.Қаш. ~ Бұрын естіп жүргеніміздей, ұшақ барар бағытқа бет түзесімен көзі нұрлы, жүрегі сырлы, жалы биік, жаны жомарт Нұрекең жолаушылар салонына жарқырап келіп, жайраңдай сәлемдесті де, өзінің жұмыс бөлмесіне кетіп қалды. С.Дос.