Күшінен тайды, айбатынан айрылды. ~ Бүгінде оның да жалы жығылған; баяғы айбатынан айрылғысы келмей, төбесінен шылп-шылп төмпештеген мазасыз тамшыға жөн көрсетіп селсоқ аунақшиды; мынадай лайсаң күні белінің құяңы ұстап төсекте төңбекшіген беймаза кәрідей ара-тұра ыңыранып та қояды. Ә.Кек. ~ Мiне, қара шаруаның қыр-сырына үлкен кiсiден бетер жетiк, майға салған пышақтай жылып тұрған екi баланың оқуға келгенде жүзi төменшiк. Жалы жығылып, өз-өзiнен жасып мүсәпiр боп қалады. Т.Сәу. ~ Сәл мезеттен соң көк тіреген жалынның жалы жығылып, қаншама жыл құстың саңғырығы, мал жапасымен шымтезектей тұтасқан қамыс қопа қара түтін құсып жатқан еді. С.Сағ. ~ … Кемердегі қара барқыттай лапылдаған қарақұрық сағымның жалы жығылып, бөктерді милықтата басып келе жатқан ымыртпен ұласып барады. Қ.Ысқ.
