Posted in

ЖАМАН АЙҒЫРҒА ЖАЛ БІТТІ

Азды-көпті оңалды, шаруасы түзелді. ~ Өз-өзіне сене бастағандай. «Жаман айғырға жал бітті». Өзі комсомол жиналысын өткізді ме? М.Қаб. ~ Ал, Ақанжан, – деді шайға қанған Су Құсайын ақын өңіне тура қарай алмай, – қоңданып алған соң жонын сыртқа берді деп сөкпессің. Рас, түнеукүні өлуге бет бұрып ем, енді Құдайға шүкір, сендерді кездестіріп жаман атқа жал бітті… Жал біткен емей немене, енді бүгінде бұл арадан кетейін деп отырмын. С.Жүн.