Posted in

ЖАМБАСЫНА БАСТЫ

Меншіктеп алды. ~ «Дәрігер не үшін дәрігер, жалақыны не үшін алады? Бізді дұрыстап емдеу үшін алады!» деп Шаланин қалды. Өстіп заңды жамбасына басып жатқан Шаланинді емдемей көрсінші! Ғ.Қаб. ~ … бір зауалдың төнерін иіскеп білген де, малының тең жартысын қайын атасы арқылы Семейдің базарына өткізіп, пұлға, алтынға айналдырып жамбасына басып алған. О.Бөк. ~ Жарты әлемді жамбасына басқан Шыңғыс ханның басына көк төбеттің қаны араласқан шарап құйып ішіп шалқымақ қой сабазың! Ә.Кек. ~ Көкжиекті көмкере сүлаған қара жалдар жалған дүниенің бар құпиясын жамбасына басьш алғандай… Ә.Кек.