Posted in

ЖАМБАСЫНА БАТТЫ

Ауыр тиді, берекесін алды. ~ Әделетім осы. Иттің жазасы иттік болмаса, өзге тілді түсінбейді. Қысқасы, өзіңнің жамбасыңа батып отыр ғой, ә? Кешегі күн сені «жау» деп, Жігітекті айдап салып, тал түсте қосынды талатқан Оразбайдың дұспаны сен едің. Бүгін бұлаң беріп, бұлтаққа түсіпсің ғой? Осыныңның сырын айтшы? М.Әу. ~ «Қазақ әдебиетінде көзі тірі классик бар ма, жоқ па?» Осы бір бітеу сұрақ әдебиет ауылымен аралас-құраластығы бар бірсыпыра сақалды-сақалсыздардың жамбасына батып жүргелі көп болған. Ғ.Қаб.