Posted in

ЖАМБАСЫНА КЕЛДІ

Ыңғайына келді, әлі жетті. ~ Әзімбай әлі де болса өзін сөніп, шөгіп қалдымнан аулақ санайды. Жамбасына кеп қалса, бір қарманарлық шама да, жүрек те бар. Бір кезде құйындай борайтұғын жастық оты тамызығы табылса әлі де қызусыз емес. Б.Соқ. ~ Биліктен дәмесі бар біраз көгенкөзді шыңырау түбіне омақастырып, сүйегін шашып қалдырды. Жамбасына келгенді аяған емес. Д.Дос.