Posted in

ЖАМЫРАҒАН ҚОЙДАЙ ШУЛАДЫ (ГУІЛДЕДІ)

У-шу, азан-қазан болды. ~ Жау жүректер, күйінділер, жастар, бір кісілік әлі бар даңғойлар, «өжеттер, ұр да жықтар, ұрылар «соғысамыз» деді. Жамыраған қойдай шулады. Қай жағы көп екені білінбеді. Ж.Айм. ~ Келесі бір күндері кеу-ке
болып келісе алмай тұрған жұртты селт еткізген, ақ күндігін жел қаққан алып Ананың дауысы екен: — Уа-а-
а, ағайын! Жамыраған қойдай шулап не болды? Еліңді ез би-лесе, ішкеніңді ірің, жегеніңді желім қылмай
қоймайды. Оған керегі де осы. С.Ғабб. ~ – Кінегені берсін!- деп топ ду етіп түрегелді. Жамыраған қойдай гуілдеді
жұрт. Ақсақалдар да түрегелді. Оларды кимелеп.. қамшысын білеп, омыраулы жігіттер ақырысты. Ж.Айм.