Posted in

ЖАН АЗАБЫН ТАРТТЫ (ШЕКТІ)

Жаны қиналды; іштегі дерттен запа шекті. ~ Кісіге жасаған қиянат – зәбірім жоқ деп ұйғарды ішінен. Ендеше, жан азабын тартуға тиісті емес. Ал дәм–тұзының қашан таусылары бір құдайдың еркінде. Т.Әбд. ~ Бұл жiгiттен бұрын о да бiр сылқым серiнiң уысына түсе жаздап барып құтылыпты. Асылы, жан азабын қатты тартса керек. Р.Райым. ~ Бітеу жара, сыздаған ісік сырқырап жан азабын тартқызғанда, мазақ болған қазақ міскін халін өзі ғана көре алмайды”. С.См. ~ Осы кезге дейінгі өмірі ат үстінде өтіп келеді. Соқтықпалы-соқпақты күрделі жолдан өтті. Жан азабын шекті, қайғы-қасірет теңізін белуардан кешті. Д.Рам.