Posted in

ЖАН АЛҚЫМҒА ТЫҒЫЛДЫ (ТАЯДЫ, ТАҚАЛДЫ, КЕЛДІ т.с.с.)

Жаны қысылды, састы, жанын қоярға жер таппады, басына қиын күн туды, ажалы тақалды. ~ Сорлы қазақ жан алқымға тығылып, Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, Алға баспай, біткен ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп. М.Жұмаб. * Оны да мына жирен сарының темірдей саусақтары асықпай ақырын-ақырын сығып, жан алқымға таяп әкелді. О.Әуб. ~ Емендей иілмейтін тәкаппарлық пен қанжардай қатқан өжеттік жан алқымға келгенше ғана дәуірлейді, тұщы етіне ащы таяқ өткеннің бәрі мүсәпір, айтқаныңа көніп, айдауыңа жүреді. А.См. ~Ол неме де талай құқайды көрген қу екен, бұлтылдап қашып, атты тіпті шаужайлатар емес. Ақтөс болса аузын арандай ашады, аждаһадай төнеді. Қоя қал енді. Тер бойымнан андыздап ақты, жан алқымға тақалды. Д.Досж. * «Құдайдың жазуы сол шығар» деп отыра берейін десем, жан алқымға тіреліп тұр. Б.Тоғ. ~ Ш а л А с а н. Иә, құдық аршыған қалай екен? Ж і г і т А с а н. Қызық екен! .. Тірідей көрге түскендей болады екенсің. Төбеңдегі жалғыз тесік жабылып қалатындай жан алқымға түседі екенсің. Қ.Ысқ.~ Сол жылы да дәл осындай қалың қар жауған… алатай қыстағында жабағы– тай бағып үш жігіт жатты. Сықырлаған сары аязы бар қытымыр қыс жан алқымға жармасып тұрған. О.Бөк.