Posted in

ЖАН АЛҚЫМДА

Жан қысылғанда, қыспаққа түскенде. ~ Жан алқымда. Шыжырылған шілде айы. Қалада күн 40 градус. Тау алқымы имантаразылау. Сонда да ыстық аптап өртеніп тұр. Ш.Мұр. ~ Үргедекпен оттас болсаң, Сөзіне сенбе, Жан алқымда өзіне сенбе. М.-М. ~ Берлин өрт құшағында. Қою түтін мұнартқан талай күн. Біздің самолеттер әскери заводтарды бомбалады. Жау ұясы жан алқымда. К.Қаз.