Жанын шүберекке түйіп, аянбай арпалысу, соғысу, күресу туралы. ~ Қан майданда көзіне қан толып жан алып, жан беріп жүрген жауынгер денесіне түскен жараны сезбейді дейді. М.Жұм. ~ Төремен де, губернатормен де тең сөйлесетін тәкаппар, кісілігін де сақтай біледі. Өз руы үшін жан алып, жан береді. Т.Жұрт. ~ Марғуаның жинаған алтын тамырына риза көңілмен, мақтап қояды. Егістікте жан алып, жан беріп, ақ тер, көк тер болып жүрген жалғыз бұл емес-ті. Ш.Құм.
