Аяусыз қантөгіс, қанды майдан хақында. ~ Түн. Фашистер шебін айқай-сүрең сала бұзып-жарып, өз бөлімдерімізге жанталаса ұмтылған жан алыс, жан беріс шақ… М.Қаб. ~ Тас қараңғыда мұнда қарай жымын білдірмей басып келе жатқан қандай жыртқыш? Жан алыс, жан беріс айқаста ғана жеңуге болатын, азу тісі жарқыраған, тырнағы қанжардай қансүрек жолбарыс па әлде қауқарсыз бен қорғансызға ғана қожа шиебөрі ме? А.К.Дойл. ~ 1942 жылы әскер қатарына алындыңыз, 2-Украина майданында жан беріс, жан алыс қақтығыстарда болдыңыз … БАҚ.
