Асыл арманы. ~ Енді қазақ даласының басқа бір пұшпағында туған әдемі әуен, сұлу саз өзге бір өлкесінде де шалқып, шырқалып, жан азығына айналып жататын. «Жақсыны көрмек үшін» деген емес пе, жаз шықса қыстай жыр болған ғажайып жәрмеңкені бір көру қыр баласының жан аңсарына айналады. Ү.Жәл. ~ Өмірдің сүйресін деп ерге көшін, Жалпақ жер беріп еді мол денесін. Өзендер беріп еді толқындарын Дегендей ұзақ жолда шөлдемесін. Ертектер қандырса да жан аңсарын, Көрінді кейін келе олар шағын. Туған жер ормандары өзің жаз деп, Ұсынған қарағайлы қаламсабын. С.Мәу. ~ Екі-ақ әлем ішінде адамшардың! Соның бірі әйелдер адамшары, Сол әлемге тәуелді адам саны. Ол алғашқы әлемнің серті, дерті, Сәні, мәні, сәулесі, жан аңсары! М.Айтб.
