Әлдебір істі барын салып атқару туралы. ~ Бірі жараланып кейін қайтқан да, екіншісі – кіші батыры Қаныбек, ағасы Жаныбектің орнын жоқтатпауға тырысқан. Ерлігіне ерлік қосып, қан майданда жан аямай ұрысқан. І.Ес. ~ Қарап Зарқұм падишаһ мұнарадан, Бұған һәм болды қайран таңғажайып. Екі ләшкер жан аямай ұрыс қылды, Қырғып палуан мен батыр шерді. “Зарқұм”. ~ Ұлы Отан соғысында немістермен жан аямай шайқасып, ақырында тұтқынға түсіп, мұздай судың астында азаппен жантəсілім еткен генерал Карбышев осы Қарқаралыда туып өскен. С.Досж. ~ Жиырма жыл жан аямай еңбек етіп, ағыл-тегіл тер төгіп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүргенде екінші дәрежелі капитан деңгейінен аса алмай қойғасын қолды бір-ақ сілтеп отставкаға шықты деген. Ә.Кек.
