а) Тұмса кейпін, пәктігін сақтап қалған д.м. ~ Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған, Шашың сенің – жан баспаған жапандағы қара орман. М.Мақ. ~ Осы қысқа түнде сержант Любомир Зухтың жан дүниесінен көктемгі тасқындар да, жазғы жасындар да, күзгі дауылдар да өтті. Өртеп, жайнатып, тазартып кетті олар. Ол әйел деген жан баспаған жаңа планетаға кездесті, оның сырын ашты. Өзін күйеу, оны келіншек жасады. М.Кәр.
ә) Адам жүрмеген. ~ Қыр үстіндегі құлпырған неше түрлі гүлдерді көргенде Ғазизада ес қалмады. Қар кеткелі тірі жан баспаған жонның үсті кұдды жасыл кілем түгіндей. Б.Тоғ. ~ Бірақ бұл қалың орманның ар жағындағы биік тау шалғындарына көтерілу немесе біздің ең жақсы досымыз Чинкті ертіп биік асудан асып, әлі жан баспаған жерлерге барудан гөрі әлдеқайда басқаша еді. Э.Хэм. ~ Әлгі айтылған оқиғалар болып жатқан кезде, мен Солтүстік Америкада Небраска штатының жан баспаған, меңіреу түкпірлерін аралап жүр едім. Ж.Верн.
