Posted in

ЖАН БАСЫНА

Әр адамға, тірі жанның әрқайсына. ~ Олар жан басына жеті жарым пенстен алатын кәртең әйелдің аналық қамқорлығының аясында еді. Аптасына жеті жарым пенс — баланы асырап-сақтау үшін аз сома емес … Ч.Дикк. ~ Күліп алады да, Айша: − Неғылған, − дейді. − Жан салық, мал салық, жер салық, тағы да не еді, әлгі, ұмытып қалдым… Әйтеуір, тұлдыр қалдырмаған ғой. Жан басына салық салған. Ең соңында, – дейді Айша, − қыз салық деген шығыпты. Бір ауылдан жылына Қоқанға бір қыз беріп тұрған. Ш.Мұр.