Үмітсіз жағдайда үмітін үзбей, жанын сала тырбанып, әрекет қылу. * Алаңда таяқ ұстағаным рас: қорғандым, зәбiр шеккен әлсiздердi қорғадым – итке талатып, үшкiр күрек, темiр шыбықпен төпелегенде таяқпен жан далбасалаған қылмыс па? Т.Сәук. * Шекердің кеңкілдеген күлкісін күрт тыйып алуы, өкініші, оны түзетуге тырысқан шешенің жан далбасасы, бір сезімнен қарама- қайшы сезімге кілт бұрылуы, … т.б. бәрі – бір қас- қағымдық сәттегі сезімдік құбылыстар, психологиялық түзілістер. Г. Пір. * Бір жағы құлама жар, екінші бүйірден хан нөкірлері қиқу салып, қыспаққа алғанда, жаны қысылған бейшара киік жан далбасамен сонадайдан көз тартқан ақбоз үйдің ашық тұрған есігінен ішке қойып кетіпті. “ҚЕ.” * Жерде жатқан арқанды алып, Үкітай үкінді қардың үстінде жан далбасамен өрмелеп бара жатқан баланы етегінен тартып алды дашырқыратып қолын байлай бастады. Д.Ис.
