Posted in

ЖАН ДАЛБАСАЛАДЫ

Аман қалу үшін жан ұшыра әрекет жасады, аласұрды.~ Айтқұл көзін ашса, окопты топырақ көміп тастапты. Жан далбасалап айналасын аршып тазалағансыды. Б.Тоғ. ~ Қол иесі әлі де белгісіз. Кім де болса, қапысын тауып аянбай жаулық жасауға бекінген. Тұяқ серпіп, жан далбасаламаса, бұл өледі. С.См. ~ Енді болмаса су мұздың астына тартып кеткендей екен. Осының бәрі қас қағымда болғаны сонша, жан далбасалап мұз ернеуін ұстай алдым. Б.Тоғ.