Тірлік нышандары пайда болды, әлденді, бойына қан жүгірді. ~ Өлі бойға жан жүгірді, Қайратым құрыш болды, нан. Мұз жүрегім май сықылды, Еріп, от боп күйді жан. Абай. ~ Басы сидаланып, түбі сояуланып әбден қара қылтанақтанып қалған өлі шөпке жан жүгіріп, мұрты бөртіп, бірер күншуақтан соң тозған киіздей ылым-сылым боп қуарып жатқан қырқа-қырандар түлеген бөрінің жон арқасындай көк шуланданып шыға келді. Ә.Кек.
