Posted in

ЖАН ИЕСІ

Адам, пенде, тіршілік иесі. ~ Жоқ, әкім болу неге ақы беріп, Бермеген күні кетсе халық жеріп. Ақыл иесі, жан иесі бола тұра, Жансыздың арқасымен күтім көріп. С.Тор. ~ Құрттардың қасында құмырсқа зорлығы құмырсқаның қасындағы кісідей, ал кісімен салыстырғанда кісі құмырсқадай боп қалатын жан иесі де бар ма екен деп ойлап ем. Зəуде ондай дəу мақлұқ болса, бармағын қыбырлатқаны бізге сұрапыл ғой. Ж.Айм. ~ Ащылауыт жердегі аттының ізіне тұрған жауынның суындай қайың жапырағының шайы құйылады. Үйдегі барлық жан иесін бір түгендеп шығасың. Қап көйлектің омырауынан қара торсықты сорып, қара сатпақ баланың жағы семеді. І.Жанс. ~ Сол сәт жап-жарық Айдан мәңгілік адасып қалатындай тағатсыздана сүйсініп тағы да қарады. — Қасірет шеккен жан иесінің жалғыз ғана сырласы өзің екеніңді ұмытпа! — деді. Р.Мұқ. ~ Қанымжан да көнудей көнген жан иесі. Тар құрсағын кеңіткен тұңғышын «балам» деуге батпай, оның маңдайынан бір иіскемей бүгінге жетсе, ертең де исінер, иіп түсер шақтан ада екеніне иланған әйелзаты. Бәріне туған әкесіне берген уәде беріктігі сеп. Т.Әлж.