Қайтыс болды, көз жұмды, жүріп кетті. ~ Итаяқ бұл кезде жан кешіп кетті. «Итаяқ өлді» дегенде бақырып қоя берген Ұлбосын, қазақ елінің сол кездегі ғұрпымен, қанын сорғалата екі бетін тырнақтарымен айырып тастады да, орамал бүркенген басының шаштарын уыстап жұлып алды… C.Мұқ. ~ Біз неғып тұрмыз? – деді біреуі, – өлікті үйіне апарайық. – Неге апарамыз? – деді екінші, – «заңда, үкімет адамы келгенше, өлік жан кешкен жерінде жатады» деген. Келсін, хан! Көрсін. Не істесе де сол айтсын. C.Мұқ. ~ Бозорыс қайтып көзін ашқан жоқ. Күзетіп отырған Шорабай тұтқын жігіттің қалай жан кешкенін де байқамай қалған. З.Шүк.
