Бір-бірі үшін жанын беруге де дайын достар туралы. ~ Әке, шеше, туған-туысқан. Жан қиысар достар. Жақсы көретін сұлу… Бәрі лезде бұлдырап, көшкен елдей шұбатылып, тізбектеліп, көз алдыма ап-айқын болып келіп, өтіп жатыр. С.Сей. ~ Өлкелік сайлауға делегат етіп сайлатпасқа бар жанын салуға әзір Мәрденді қолшоқпар қылып өзі көрінбей иірілген айдаһардай бүктетіліп жазылып жүретін Жалел Садықтың жан қиысар досы. С.Бег. ~ Буддаға астындағы алтын, күмбезді сарайынан, сұлу жардан, бауыр еті баладан, жан қиысқан достардан безіп, бүкіл Үнді жерін жалаң аяқ, жалаң бас қайыршы боп безіп кетуіне себеп болған не? Өмірдің азабы ғой… Т.Әбд.
