Қимас, аяулы, әзіз дос. ~ Шеген жүріп кетті. Мен қалаға киіп баратын таза киімдерімді әзірлеп жүріп, жан қиыспас досыммен жаңа жолымда бірінші кездесуімнің жансыздау өткеніне қынжылдым. Көңілім наразы, жүрегім төмен тартқандай болды. Ғ.Мүс. ~ Тайланның үстінен жарғақ тон осылай түсіпті деседі. Кейін Әбілқайыр екеуі бірге жорыққа барып жан қиыспас дос боп қайтқасын бірде Мәтекең баласынан: — Балам, атың түзелді, киімің түзелді, досың түзелді, енді ер жігітке не жетпей тұр? – деп сұрапты. Ә.Кек. ~ Арнайы келіп, қорабының артқы жағын жарлауыттың қабағына тіреген жүк мәшинесіне қара қасқаны тиеп болған соң, екі дос, жан қиыспас құрдас сәл-пәл былайырақ барып, оңашалау шығып шүйіркелесті. Қоштасар сәт те таянды. М.Байғ.
