Posted in

ЖАН ҚҰРЛЫ КӨРМЕДІ

Менсінбеді, елемеді, адамға санамады. ~ Алдында ноғайшалау, киінген бір мұғалім тұр еді; Мұқаш биікте тұрған кісіше, жан құрлы көрмей, көзін кепиеттене бір салып қойды. Ж.Айм. ~ Қыз еді ол берілген бір бай жерге, Алыстау болысы басқа екінші елде. Қалыңдық ойнағалы күйеу келсе, Қыз бен Әжібай жан құрлы көрмейтін де. С.Тор.