Posted in

ЖАН ЛӘЗЗАТЫ

Рахатқа ұласқан рухани қанағат, махаббат ғинаяты. ~ Жан-жүрегі жібіп бір ғажап Жәннат самалын сезеді. Ол – жарық. Ол – нұр. Ол – махаббат. Еш тән ләззаты бере алмаған жан ләззаты. Содан сен Раббыңды сүйе бастайсың. С.Елу. ~ Осылай ауызданған олар жиі-жиі бастары қосылатынды тапты, өмірінде көрмеген жан ләззатын сол әдемі ақ келіншек сыйлап жүрді. Н.Абд. ~ ЕРБОЛ: — Өй, мен сенің ақындығыңа әлдеқашан ден қойғанмын! АБАЙ (дереу домбыраны қолға алып шабыттанады) Сенсің — жан ләззаты, Сенсің — тән шәрбаты… (енді тақпақтап жөнеледі) Жіңішке қара қасы сызып қойған Бір жаңа ұқсатамын туған айды… Б.Тоғ. ~ Өйткені Анажар жер бетінде қайтып жан баласын сүймейді. Ал, махаббат жоқ жерде жан ләззаты да жоқ. Ал, жан ләззатын ала алмаған өмірде не мән, не сән бар? Е.Әл.