Posted in

ЖАН РАХАТЫ

Бүкіл бойыңа, жаныңа ләззат сыйлайтын ғажап әсер. ~ Әбіш күйеудің жолдасы Дәрмен сол сапарда, жайлау кештері мен жарық айлы түндерінде, өзінің де бұрын татпаған жан рахатын тапқан-ды. М.Әу. ~ Мас жолшыдай түнеп жатқан, Жан рахатын тауып батқан. І.Жанс. ~ Қарияларымыздың айтуынша, жұмақ – жан рахаты. Не ішем, не кием демейсің. Жұмыс істемейсің. Хордың қыздары дайын. Шалжиып шалқы да жат. Ғ.Қаб. ~ Мұнда күннің ыстығы тіптен жан рахаты. Т.Сәук.