Posted in

ЖАНАМА АТ (ЕСІМ)

Адамның өз есімінен өзге, мінезіне не түр-тұрқына орай берілетін балама, қосалқы ныспысы. ~ Оның Оспан дейтін ұлы менімен түйдей жасты еді. Бірге өстік. Әбдеш те өз қатарынан қалып көрген емес… «Жаңа туысқан» деген жанама ат бір–екі жылда–ақ ұмытылып еді. Б.Мом. ~ Ұлды ұяға қондырмасақ болмады. Бірдеңеге ұшырап жүрмесін. Қара бүркіттің шеңгеліне түспесін де! Түсе қалса тұқымын тұздай құртады, – деп қарқ– қарқ күліп алған. Қара бүркіті Айсұлудың күйеуі. Оның жанама аты да “қара дәу”. Т.Рыск. ~ Балалар оның осы түріне қарап Бегімбет демей «Бегемот» дейтін. Ол кезде әр баланың сырт кейпіне, мінезіне қарай жапсырылатын жанама аты болушы еді. Б.Тоғ.