Posted in

ЖАНАРЫН ҚАДАДЫ

Тесіле көз салды. ~ Зәпира алғашында бұл сөзімді естімегендей бейжай қалпы ауыр бір күрсінді. Сонан соң мұңлы жанарын маған қадап, жай ғана үн қатты: — Е, шырағым–ай, жеңешең не көрмеп еді? Б.Мом. ~ Бұған сәл сескеніспен жатырқай қарады, бірақ әлдекімдер құсап шыңғыра атып тұрмады. Шоқтай жанарын қадап, қасын қозғады. Тасжан ескерткіш болып қатып қалған. О.Бөк. ~ Әттең, қапияда мертiктiм, – дедi Үкiбайдың жарадар жiгiтi бұған шоқтай жанған жанарын қадап. – Әйтпесе қолында өлер едiм. Осыдан қатарға қосылсам, қолым жағаңда кетер, жуан тұқымның баласы! К.Сег. ~ «Әттеген-ай!» деп тағы да күбірледі де: «астағифралла» деп іштей дұғалар оқылы. Жасты жанарын сары шашты қыздың домаланған жүзіне қадап, ауыр тыныстады. Ж.Шәк.