Сүйсіне қарай берді, көзін әкете алмады. ~ «Мұндай да сұмдық сұлулық жаратылады екен–ау», деп іштей арпалысқан Айбар жанарын тайдыра алмай әлек, – періштенің өзін жолдан тайғызатын сиқыр ғой! Д.Дос. ~ Үй толы әйелдер дуылдасып жатқанда, Бибінің оларда ісі болған жоқ. Ол манадан бері қалыңдықтың оң жағында отырған ақ құба қыздан жанарын тайдыра алмай, қарап қалып еді. Қ.Жұм. ~ Тұла бойынан бір қабындаған қайратты сезінді. Мына ұрлығы сақалды басына жараспаса да, жанарын тайдырған жоқ. Бірталайдан бері жас әйелдің сұлу тәніне көз суарғаны осы еді. Қ.Жұм.
