А) Әлдебір істің басталмай жатып сәтсіздікке ұшырауы туралы. * Егер мұны осы күйінде нәр-құнарсыз қалдырсақ, шығармашылыққа ұмтылу талабының жанбай жатып, сөнуі ғажап емес. Пауст. * Әсіресе дүниежүзі мойындаған, әлімсақтан қолдануға түскен терминдермен түбі латын, көне Грекиядан шыққан сөздерге қазақы баламаның мүлде қажеті жоқ. Ондай қолдан жасаған құрама «баламалар» тілді дамытпайды, көпшілігі тек ұсыныс, вариант есебінде қалып, тумай жатып өледі, жанбай жатып сөнеді, қолданысқа түспейді. Г.Бельг.
Ә) Жас адамның уақытынан бұрын енжарлыққа, бойкүйездікке салынып, үлкен мақсатқа қол созбауы туралы.
~ Әне, айтпадым ба, сендердің ұрпақтарың шетінен осындай. Жанбай жатып сөнеді, тумай жатып қартаяды. Ә.Нұрп. * Жақсылық ойлайтын қамқор адамның үнiмен күмбiрлеп, бұның өмiрге ендi қадам басқан жас екенiн, жанбай жатып өшпей, болашағын ойлау керектiгiн, албырттықпен жасаған қателiгiн шын көңiлiмен мойындаса, советтiк әдiл заң кешiрiм ететiнiн ұзақ айтып, алыстан орағытқан. Т.Сәу.
