Posted in

ЖАНЫ ЖАРА (ЖАРАЛЫ)

Қайғылы, мұңды, шерлі. ~ Алдияр, ел ағасы, ханым дана, Алашқа ауыр күнде болған пана. Кешігіп, күнәлі боп, енді алдыңа Келді ерің іші жалын, жаны жара. М.Жұм.

Жүрегінде айықпас қайғы бар. ~ Бір кездегі сұңғақ бойының бүкірейіп, аяғын сылбыр басқанынан, іште жатқан қобалжу, мазасыздану кейпі суығын сыртқа шығарып, оны әлсін–әлсін уһілеткеніне қарағанда, бұның да көңілі налалы, жаны жаралы кісі екені даусыз. І.Ес. ~ Бұл да ұлының артынан Ауғанстанның қара қағазын алған жаны жаралы әйел еді. Қ.Түм. * Әсiресе, жас келiншектiң аузынан естiлгенi сұмдық, әйткенмен онсыз да жаны жаралы жесiрге өкпелей де алмаймын. Ж.Шағ. ~ Әкеңнің осы отырғанда жаны жаралы, жүрегі қасіретке толы. Айықпас дерт кәзірден бастап бойыма мысқалдап емес, батпандап кіруде. О.Көшбай.